Жиі қойылатын сұрақтар
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасын жүйелі үздіксіз бақылау түрі болып табылады.
ББЖМ бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында (4,9 сыныптар) және алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен (ТжКБ) кейінгі ұйымдарда өтетін болады.
ББЖМ мақсаты:
- Бастауыш және негізгі орта білім деңгейінде – білім алушылардың білім сапасын білім берудің тиісті деңгейлерінің жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бағалау;
- ТжКБ деңгейінде – жалпы білім беру пәндері және (немесе) кәсіптік модульдерді меңгеру деңгейін ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтау.
ББЖМ-ны өткізу:
мектептерде 4 және 9 сыныптар деңгейінде функционалдық сауаттылық және құзыреттілік деңгейін анықтауға, яғни өмірлік жағдайларда білім мен дағдыларды қолдануға, сондай-ақ талдамалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталатын болады.
- колледждерде білім алушыларда жалпы және кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталатын болады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілеріне жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі және білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі жатады.
Сондай-ақ, Заңның 59-бабы, 8-тармағына сәйкес, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында бақылау жүргізу үшін өтініште «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтары тармақтарының бұзылғанын куәландыратын фактілер көрсетілуге тиіс.
Сонымен бірге Кодекстің 151-бабына сәйкес, бақылау органының лауазымды адамдары тексеруді немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде осы бақылау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге құқылы еместігін ескеру қажет.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес педагогтердің жұмыс уақытына атқаратын лауазымына қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысы, білім алушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ лауазымдық міндеттермен және (немесе) жеке жоспарда көзделген басқа да педагогикалық жұмыс: әдістемелік, дайындық, ұйымдастырушылық, диагностикалық, мониторингтік жұмыс, білім алушылармен тәрбиелік, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және өзге де іс-шаралар жоспарларымен көзделген жұмыс кіреді.
Педагогке тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салуды белгілеу арқылы жүктемені қысқарту бойынша нормалар жеке көзделген.
Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге, тартуға жол берілмейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) (409-баптың 7-3-тармағы) сәйкес педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай нысанда жасалған бұзушылық:
Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.
5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық ескерту жасауға алып келеді.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайталап жасаған кезде (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде) (409-баптың 7-4-тармағы) лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді(409-баптың 7-6-тармағы).
Егер бұл әрекеттерді он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған болса ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (409-баптың 7-7-тармағы).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 399 Заңында (бұдан әрі-заң) дене шынықтыру педагогтеріне негізгі жұмыс орны бойынша сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сабақтан тыс спорттық сабақтар аптасына 2 сағат, орта білім беру ұйымдарында аптасына 3 сағат, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында аптасына 4 сағат өткізіледі.
1-4 сыныптарда аптасына кемінде бір сағат шахмат бойынша сабақтан тыс сабақтар міндетті түрде ұйымдастырылуы тиіс.
Сабақтан тыс спорттық сабақтарға арналған топтың сандық құрамы – кемінде 12 адам.
Жоғарыда көрсетілген Заңды іске асыру үшін 2021 жылғы 4 наурызда "азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін қосымша ақы "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығының (бұдан әрі-бұйрық) негізінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленді және мемлекеттік органдардың келісімінде тұр.
Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтарда енгізілді. Төлем сабақтарды өткізу фактісі бойынша жүргізілуі тиіс.