«2020 жылға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 558 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«2020 жылға арналған Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің нормативтік
құқықтық актілеріне құқықтық
мониторинг жүргізу кестесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
30 желтоқсандағы № 558 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылға арналған нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 558 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
- Комитеттердің төрағалары, департаменттердің директорлары:
1) Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына және қоса беріліп отырған Кестеге сәйкес нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді;
2) ақпараттар мен мәліметтерді Заң департаментіне уақытылы ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Аймағамбетов
10
24 қыркүйек 2020 00:00
24 қыркүйек 2020