Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Министр |
|
А. Аймағамбетов |
|
|
|
|
8
07 қыркүйек 2020 00:00
07 қыркүйек 2020