«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 109) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітіліп берілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын (бұдан әрі – объектілер) мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібін айқындайды.».
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
|
Ғ. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 31.08.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 33346 болып енгізілді
124