Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы
№ 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі бекітілсін.
- «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 526 бұйрығының күші жойылсын. - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін. - Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ғ. Бейсембаев
|
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ______________________ 2023 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі __________________________ 2023 жылғы «___» ________ |
|
127
12 маусым 2023 16:23
12 маусым 2023