«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы
2 наурыздағы № 59 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін. - Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ғ. Бейсембаев
|
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2023 жылғы «___» ________ ______________________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2023 жылғы «___» ____________________ |
|
404
Жарияланған күні
15 мамыр 2023 11:55
Жаңарту күні
15 мамыр 2023
Түрі