Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Оқу-министрлігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспары (бұдан әрі –
Жоспар) бекітілсін. - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі –
Министрлік) ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Министрліктің Стратегия департаментіне ұсынсын.
- Жоспардың орындалуы туралы ақпарат пен есепті әзірлеу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы
3 ақпандағы № 7 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары басшылыққа алынсын. - Министрліктің Стратегия департаменті:
- тоқсан сайын мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін Жоспардың іске асырылуы туралы есепті Министрліктің аппарат басшысына ұсынсын;
- осы бұйрықты қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Министрліктің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Аппарат басшысы |
Д. Жекебаев |
336
Жарияланған күні
13 наурыз 2023 15:26
Жаңарту күні
13 наурыз 2023
Түрі