Педагог-мастер біліктілік санатына педагогтердің құжаттарын қабылдау мерзімі 2023 жылдың 10 наурызына дейін ұзартылды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті egov.kz электрондық Үкімет порталының жұмысындағы техникалық ақауларға байланысты педагог-мастер біліктілік санатына педагогтердің құжаттарын қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың                 10 наурызына дейін ұзартылды. Осыған байланысты педагогтердің құжаттары «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қабылданатынын хабарлайды.

Жарияланған күні

07 наурыз 2023 16:25

Жаңарту күні

07 наурыз 2023

Бағыттар