Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 466 бұйрығының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Е. Оспан
|
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ______________________ 2023 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ______________________ 2023 жылғы «___» ________
|
|
365
Жарияланған күні
02 наурыз 2023 21:42
Жаңарту күні
02 наурыз 2023
Түрі