Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы |
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және
9-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
(бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрамы бекітілсін. - Жұмыс тобы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау туралы конкурс жөнінде хабарландыруды орналастырсын;
2) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлесін;
3) Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. - Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Аймағамбетов
94
27 қазан 2022 17:47
27 қазан 2022