«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 53 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 53 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті осы бұйрықты қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Аппарат басшысы |
Қ. Сәрсембаев |
417
Жарияланған күні
16 маусым 2022 18:08
Жаңарту күні
16 маусым 2022
Түрі