«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына келесідей өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы»;
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу Әдістемесі бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі |
А. Аймағамбетов |
|
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі __________________________ 2022 жылғы «___» ________ |
|
|
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы __________________________ 2022 жылғы «___» ________ |
|
54