Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
«
|
9.
|
Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы
|
1450
|
».
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
А. Мамин
|