«Халықтың білім және ғылым саласында жүргізіліп отырған саясат туралы хабардар болу деңгейі және халықтың білім беру қызметінің сапасына қанағаттануы» әлеуметтік пікіртерімінің нәтижелері
МАҚСАТЫ: халықтың мақсатты топтарыың білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат туралы хабардар болуын, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттануын бағалау.
МІНДЕТТЕРІ:
- 1. Халықтың білім беру саласында жүргізіліп отырған саясат туралы хабардар болу деңгейін анықтау:
1.1 мақсатты топ санаттарының Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы хабардар болу деңгейін анықтап білу;
1.2 мектеп мұғалімдерінің, ТжКБ, жоо оқытушыларының «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданғаны туралы хабардар болу деңгейін анықтау.
- Мақсатты топ санаттарының Қазақстандағы білім және ғылым жүйесінің дамуына қанағаттану деңгейін анықтау:
2.1 мақсатты топ санаттарының ҚР БҒМ енгізген жаңалықтарын қолдау деңгейін анықтау;
2.2 білім беру жүйесінің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтап білу және талдау;
2.3 оқушылардың оқыту әдістеріне, оқу үрдісінің ұйымдастырылуына және өз оқу орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуына қанағаттану деңгейін анықтап білу;
2.4 оқушылар мен оқушылардың ата-аналарының білім беру сапасына қанағаттану деңгейін анықтау;
2.5 педагогтардың білім беру үрдісіне (білім беру бағдарламаларының мазмұнына, оқу үрдісінің ұйымдастырылуына және өз оқу орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуына) қанағаттану деңгейін анықтау;
2.6 педагогтардың Педагог мәртебесі туралы заңның негізгі ережелерінің іске асырылу тиімділігін бағалауы;
2.7 жоо оқытушылары мен ҒЗО қызметкерлерінің қазақстандық ғылымның абыройын арттыруға бағытталған шаралардың іске-асырылу тиімділігін бағалауы.
- Білім беру жүйесінде енгізілген жаңалықтар туралы ақпарат көздері мен арналарының сұранысқа ие болуын анықтау;
- Мақсатты топтардың қашықтан оқыту формасына деген көзқарастарын анықтап білу.
80
21 ақпан 2022 16:04
21 ақпан 2022