«Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Философия (PhD) докторы (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломы.»;
реттік нөмірлері 15, 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломы.
- Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін диплом.
- Дипломға үш тілдегі қосымшалардың (транскрипт) бланкілері.»;
реттік нөмірлері 28, 29, 30 және 31-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом (маман).
- Біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік диплом (маман).
- Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом (жай).
- Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік диплом.».
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Смайылов
24
25 ақпан 2022 15:55
25 ақпан 2022