«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ 2021 жылғы 24 тамыздағы №3 және 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №4 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының хаттамаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереженің, сондай-ақ оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 167 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесінің сайланған мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды және 2022 жылғы 25 сәуірде аяқталады.».
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Аппарат басшысы Қ.М.Сәрсембаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Аймағамбетов