«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №11-ІА бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №11-ІА бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықтың қосымшасында 14-тармақтағы сөздер мен цифрлар:
|
«М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК |
ішкі мемлекеттік аудит |
01.01.2018-30.06.2021 |
IV тоқсан |
98516,0 |
100276,7 |
134166,8 |
192044,0 |
525003,5 |
|
«Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» ШЖҚ РМК» |
ішкі мемлекеттік аудит |
01.01.2018-30.06.2021 |
IV тоқсан |
55700,0 |
55904,0 |
94909,0 |
182581,0 |
389094,0 |
алынып тасталсын;
2) 16-тармақтан кейінгі жол келесі редакцияда мазмұндалсын:
|
БАРЛЫҒЫ |
5 420 663,5 |
26 650 532,0 |
37 488 119,9 |
52 339 313,2 |
121 898 628,6 |
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті осы бұйрықтан туындайтын шараларды жүргізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті директоры Ғ.Ө. Молдашқа жүктеймін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Ішкі аудит департаментінің директоры Ғ.Ө. Молдаштың 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №05-1-3/54-ВН қызметтік жазбасы.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов
11
15 желтоқсан 2021 11:29
15 желтоқсан 2021