«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің құрамы мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 2-ІА бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің құрамы мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 2-ІА бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің құрамы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                              А. Аймағамбетов

Жарияланған күні

10 наурыз 2020 00:00

Жаңарту күні

10 наурыз 2020

Түрі