«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңестікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына мынадай өзгеріс
енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген Білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Э.М. Төлеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі |
А. Аймағамбетов |
12
01 қыркүйек 2021 10:51
01 қыркүйек 2021