Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 119-1-бабына, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 97/61 үй, Төле би көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүліктер республикалық меншіктен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеусіз берілсін:
- кадастрлық нөмірі 20:311:006:089:97/61, жалпы алаңы 2618,1 шаршы метр әкімшілік ғимарат;
- кадастрлық нөмірі 20:311:006:089, алаңы 0,2504 гектар жер учаскесі.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
10
Жарияланған күні
30 шілде 2021 17:18
Жаңарту күні
30 шілде 2021
Түрі