Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
- Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
- «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13565 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
- Осы бірлескен бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі _________А. Аймағамбетов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________Ә.Ерғалиев
|
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
19
30 шілде 2021 17:08
30 шілде 2021