«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Жоғары бизнес мектебін дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғары білікті ғалымдарды тарту бастамаларын 2021 жылы қаржыландыруды;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
11
Жарияланған күні
29 маусым 2021 00:00
Жаңарту күні
29 маусым 2021
Түрі