ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ
сағ.15.00 №4 17 маусым 2021 жыл
ZOOM-конференция
Төрағалық еткен: Ш.Т. Каринова
Қатысқандар: тізім бойынша (кворум бар)
Шақырылғандар: тізім бойынша
Кеңес төрағасының болмауына байланысты Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі туралы Ереженің 10-тармағына сәйкес Кеңес мүшелерімен Кеңес отырысының төрағасы функцияларын Ш.Т. Кариноваға жүктеу мәселесі қарастырылды.
Функцияларға дауыс беру нәтижесінде Кеңес ШЕШІМ ЕТТІ:
Кеңестің осы отырысында Төраға функциялары Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
Иә - «7»;
Қарсы - «жоқ»;
Қалыс қалғандар – «жоқ».
Күн тәртібі:
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
ҚР БҒМ өткізген ішкі мемлекеттік аудит қорытындыларына қарсылықтары
(Ш.Т. Каринова, Кеңес мүшелері)
Ішкі аудит департаментінің директоры Ғ.Ө. Молдаш «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да өткізілген ішкі аудит қорытындысымен және анықталған негізгі кемшіліктер мен бұзушылықтарымен таныстырып өтті.
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мы 16.04.2021ж. №15-7-08-01-30-203 хатымен 09.04.2021ж. №5 Аудиторлық есептегі анықталған 13 тармақтар бойынша бұзушылықтарға және 1 кемшілікке қарсылықтарын білдірді.
Баяндаушылардың ақпараттары негізінде және талқылау барысын ескере отырып Кеңес ШЕШІМ ЕТТІ:
- 2021 жылғы 9 сәуірдегі №5 Аудиторлық есептегі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның қарсылықтары:
№№ 2, 3, 5, 9-тармақтар бойынша – қабылдансын,
басқа тармақтар бойынша – қанағаттандырылмасын.
Иә - «7»;
Қарсы - «жоқ»;
Қалыс қалғандар – «жоқ».
- Ішкі аудит департаменті 2 күн ішінде:
- «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ын қарсылықтарды қарастыру нәтижесімен хабардар етсін;
- Бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы шешімнің және Ішкі аудит қорытындылары туралы есептің жобаларын белгіленген тәртіпте енгізсін;
- Мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша Кеңесі отырысының хаттамасын Министрліктің интернет ресурсында жарияласын.
Иә - «7»;
Қарсы - «жоқ»;
Қалыс қалғандар – «жоқ».
Кеңес төрағасы Ш. Каринова
Кеңес хатшысы А. Стықұлов
Отырысқа қатысқан Кеңес мүшелері
ТІЗІМІ
- Ш.Т. Каринова
- Р.А. Биғари
- Г.С. Шакаева
- Ж.И. Рахметова
- Ғ.Ө. Молдаш
- Г.І. Көбенова
- А.Қ. Кинжебаева
Кворум бар.
Кеңес отырысына шақырылғандар
ТІЗІМІ
- М.Т. Мелдебекова – ҚР БҒМ Орта және мектепке дейінгі білім
комитетінің төрайымы
- Ә.З. Мухаметжанова – «Өрлеу» АҚ Басқарма төрағасы
- И.М. Самсаев – «Өрлеу» АҚ Басқарма төрағасының
орынбасары
- А.Т. Кигризбекова – «Өрлеу» АҚ Басқарма төрағасының
орынбасары
- Р.Ж. Қонақбаева – «Өрлеу» АҚ бас бухгалтері
____________________
53
17 маусым 2021 00:00
17 маусым 2021