Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бектіту туралы
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бектіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 39-бабы 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бектітілсін.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
40