АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ВАКАНТТЫ ЛАУАЗЫМҒА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    1. Қарағанды облысы Білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Колокольчик» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - музыкалық жетекшісі - 1,25 ставкаға 1 бірлік, мекен -жайы: ҚР, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 59А құрылыс, қызмет түрі: білім беру
    2. Музыка жетекшісінің лауазымдық міндеттері:

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

          музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

           балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

          педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

           балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

          ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09.2022 ж. бастап 05.10.2022 ж.дейін.

    Құжаттар тізімі:      

    1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

     4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

     5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

     6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

     7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

     8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

          9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

           10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

              Қажетті ақпаратты Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 59А құрылыс-жайы бойынша алуға болады. Анықтама алу үшін телефон: 8 (72137) 7-55-44

     

Жарияланған күні

27 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

27 қыркүйек 2022

Қызмет бағыты