АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ВАКАНТТЫ ЛАУАЗЫМҒА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Қарағанды облысы Білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Колокольчик» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - орыс тілінде тәрбие беретін топтардың тәрбиеші-1,25 ставкадан 1 бірлік (, мекен -жайы: ҚР, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 59А құрылыс, қызмет түрі: білім беру
  2. Тәрбиешінің лауазымдық міндеттері:

балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулықты сақтау технологияларын қолданады;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

      режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңғы жаттығу, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

       балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

      дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

      қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

       мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

       мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

       мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, байқаулар және басқалар) қатысады;

      отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

      мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09.2022 ж. бастап 05.10.2022 ж. дейін.

Құжаттар тізімі:      

 1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

     7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

     8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

     9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

     10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

 

          Қажетті ақпаратты Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 59 құрылыс-жайы бойынша алуға болады. Анықтама алу үшін телефон: 8 (72137) 7-55-44

 

Жарияланған күні

27 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

27 қыркүйек 2022

Қызмет бағыты