Қарағанды облысы Білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Сәуле» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Заңды мекен-жайы:      Қарағанды облысы, Саран қаласы, 1а шағын ауданы, 27 құрылыс

Анықтама телефоны:     8(72137)58119, Электрондық пошта мекен-жайы: iasli85@mail.ru

Бос лауазымның атауы: қазақ тілінде тәрбие беретін топтардың музыкалық жетекшісі - 1,5 ставкаға 1 бірлік

Музыкалық жетекшінің лауазымдық міндеттері:

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
  • музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
  • балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
  • педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
  • балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
  • ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  13.09.2022 ж. бастап 21.09.2022 ж. дейін.

Құжаттар тізімі:      

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

 10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

Жарияланған күні

13 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

13 қыркүйек 2022

Қызмет бағыты