Қарағанды облысы Білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Сәуле» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Заңды мекен-жайы:      Қарағанды облысы, Саран қаласы, 1а шағын ауданы, 27 құрылыс

Анықтама телефоны:     8(72137)58119, Электрондық пошта мекен-жайы: iasli85@mail.ru

Бос лауазымның атауы: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының әдіскері – 1 ст.

Әдіскернің лауазымдық міндеттері:

- білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

- оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды

  - балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

-  жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;

-      оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;

  - оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

 - инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

 - топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

 -  оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;

 -   тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

  - оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;

  - тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

- тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;

   -   педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  13.09.2022 ж. бастап 21.09.2022 ж. дейін.

Құжаттар тізімі:      

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

       10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

Жарияланған күні

13 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

13 қыркүйек 2022

Қызмет бағыты