АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ВАКАНТТЫ ЛАУАЗЫМҒА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    1. Қарағанды облысы Білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Малыш» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - қазақ тілі мұғалімі- 0,75 ставкаға 1 бірлік (декреттік демалыс уақытына), мекен -жайы: ҚР, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 39 құрылыс, қызмет түрі: білім беру
    2. Қазақ тілі мұғалімінің лауазымдық міндеттері:

    Қазақ, орыс тілі мұғалімі оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;

    Қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететіндей балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;

    Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қабілеттерін анықтайды, олардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.

    Инновациялық технологияларды меңгерген, оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады.

    Жоспарлауда ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамыта  оқыта отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтай және түзете алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:  01.09.2022 ж. бастап 10.09.2022 ж. дейін.

    Құжаттар тізімі:       1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

          2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

          4) педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

          5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

           6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

          7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

          8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

          9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

           10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

              Қажетті ақпаратты Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 39 құрылыс-жайы бойынша алуға болады. Анықтама алу үшін телефон: 8 (72137) 7-53-73

Жарияланған күні

01 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

01 қыркүйек 2022

Қызмет бағыты