АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ВАКАНТТЫ ЛАУАЗЫМҒА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    1. Қарағанды облысы Білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Малыш» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - музыкалық жетекші - 1,25 ставкаға 1 бірлік (декреттік демалыс уақытына), мекен -жайы: ҚР, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 39 құрылыс, қызмет түрі: білім беру
    2. Музыкалық жетекшінің лауазымдық міндеттері:

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

          музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

           балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

          педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

           балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

          ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

     

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:  01.09.2022 ж. бастап 10.09.2022 ж. дейін.

    Құжаттар тізімі:       1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

          2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

          4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

          5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

           6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

          7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

          8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

          9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

           10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

     

     

              Қажетті ақпаратты Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 39 құрылыс-жайы бойынша алуға болады. Анықтама алу үшін телефон: 8 (72137) 7-53-73

Жарияланған күні

01 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

01 қыркүйек 2022

Қызмет бағыты