АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ВАКАНТТЫ ЛАУАЗЫМҒА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. Қарағанды облысы Білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Колокольчик» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - (мекен -жайы: ҚР, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 59А құрылыс, тел. (872137)75544, электрондық пошта: ys.kolokolshik@yandex.ru, қызмет түрі: білім беру.
  2. Орыс тілінде тәрбие беретін топтардың тәрбиеші-1,25 ставкадан 1 бірлік
  3. Тәрбиешінің лауазымдық міндеттері:

       - балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулықты сақтау технологияларын қолданады;

      - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

      -  режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңғы жаттығу, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

      -   балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

          дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

       - қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

       -   мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

      -   мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

      - мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, байқаулар және басқалар) қатысады;

      -    отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

      -    мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.01.2023 ж. бастап 25.01.2023 ж. дейін.

    Құжаттар тізімі:      

          1)   нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

          2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

          4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

          5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

          6)«денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

         7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

         8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

         9)  сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

       10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

        11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

              Қажетті ақпаратты Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 59 құрылыс-жайы бойынша алуға болады. Анықтама алу үшін телефон: 8 (72137) 75544

     

Жарияланған күні

17 қаңтар 2023

Жаңарту күні

17 қаңтар 2023

Қызмет бағыты