«Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20743 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы»:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының
9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Бұйрықтың қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. - Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
17