«Қалдықтарды түгендеу бойынша есеп нысанын және оны толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы»
«Қалдықтарды түгендеу бойынша есеп нысанын және оны толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 384-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 106516 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
24