Мемлекеттік тапсырысты орындау туралы ақпарат

19-тармақ бойынша 

2020 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде табиғи мекен ету ортасына 69,5 млн. дана құнды балық шабақтары жіберілді, оның ішінде:

"Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК - 3,5 млн.дана бекіре шабақтары;

"Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК - 3,5 млн.дана бекіре шабақтары;

 

"Қамыстыбас балық питомнигі" РМҚК - 15,22 млн.дана тұқы және өсімдікжемді балықтардың біржазғы және екіжылдық шабақтары

"Петропавл балық питомнигі" РМҚК - 44,5 млн.дана ақсаха дернәсілі және 1,201 млн.дана біржазғы тұқы шабағы;

"Сандель" ШҚ (бәсекелестік орта) - 1,66 млн. дана біржазғы тұқы шабағы.

Мемлекеттік тапсырыс толығымен орындалды.

 

20-тармақ бойынша

Бүгінгі күні тауарлы балық өсірумен 184 балық өсіру шаруашылығы айналысады, оның ішінде;

- 99  көлде-тауарлы балық өсіру шаруашылығы;

- 55 тоған шаруашылығы;

- 10 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы;

- 20 УЗВ және бассейн шаруашылықтары.

2020 жылы 9,0 мың тонна тауарлы балық өсірілді.

 Бекіретұқымдас, албырттұқымдас (албырт, бахтақ), тұқытұқымдас, ақсахатұқымдас және өсімдікжемді балық түрлері балық өсіру объектілері болып табылады. 

Жарияланған күні

07 шілде 2021 00:00

Жаңарту күні

07 шілде 2021