Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында (бұдан әрі – реттелетін салалар) басқару процесін үйлестіру, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымының алаңында - «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі - Орталық) қол жетімді технологиялардың бюросы (бұдан әрі - ҚТ бюросы) құрылды, негізгі оның міндеттері - ҚТ қағидаттарына көшу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, ҚТ сәйкес анықтамалықтар дайындау, кешенді технологиялық аудитті (КTA) өткізу.

Орталық 2018 жылы ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасы ретінде құрылды, оның мақсаты - технологиялар мен озық тәжірибелерді, бизнесті дамыту мен инвестицияларды ілгерілету арқылы Қазақстанның жасыл экономикаға жедел көшуіне жағдай жасау.

Қазіргі уақытта КТА-ның қорытындылары бойынша экономиканың негізгі салалары бойынша салалық есептер жасалды және ҚТ бюросы ҚТ сәйкес анықтамалықтар дайындауға көшті.