2021 жылғы 7 сәуірде 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері АК-159/17 мекемесінің қызметкерлерімен бірге Абай қаласының Жеңіс саябағындағы

Көру саны:4
<span;>2021 жылғы 7 сәуірде 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері АК-159/17 мекемесінің қызметкерлерімен бірге Абай қаласының Жеңіс саябағындағы "батырлардың ерлігіне тағзым" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
<span;>Аталған іс – шара қазақстандық әскерлердің Тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 29 жыл толуына орайластырылды.2001 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне және халықаралық шарттарға сәйкес соңғы Жеке құрама атқыштар взводы Тәжікстан Республикасынан кетті.
<span;>1989 жылы Кеңес Одағы өз әскерлерін Ауғанстаннан шығарды, одақтас республикалардың шекаралары ашық қалды.1992 жылғы желтоқсанда Тәжікстанның Жоғарғы Кеңесі шекараның тәжік-ауған бөлігін қорғауды күшейту үшін Тәжікстанға өз әскерлерін енгізуге шақырумен Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Ресейге жүгінді. Ұзындығы 1300 км тәжік-ауған шекарасы Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының мүшелері болып табылатын Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның оңтүстік шекарасы болып табыладыШекараның көп бөлігі күрделі тау бедері бойынша өтеді. Қазақстандықтарға Таулы-Бадахшан облысындағы шекараның күрделі учаскелерінің бірі бұйырды.
<span;>Шекараны қорғау әрқашан өте маңызды, қажет және әрине құрметті болды. Сол жылдары сарбаздар Отанның тыныштығы оларға байланысты екенін жақсы білді. Біздің шекарамызды қорғағаны үшін сарбаздарымызға мың алғыс.
11 сәуір 2021
11 сәуір 2021