Қожашев Алмас Мәуленұлы
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Қожашев Алмас Мәуленұлы
Арнайы атағы – әділет полковнигі.
Білімі:
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін;
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген
Мансап
2001 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Осы кезеңде полиция департаменттерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесі бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары.
2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №13 мекемесінің бастығы.
2026 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары.