Ақтөбеде сот жүктеген талаптарды орындамаған азаматша бас бостандығынан айырылды

Көру саны:208
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматша сот талаптарын орындамағаны үшін 11 ай 10 тәулікке бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін «Алаяқтық» бабымен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған 38 жастағы азаматшаға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау кезінде Сот тарапынан оның бұрын сотты болмағаны және үш баласының екеуі кәмелетке толмағандығы ескерілген болатын.
Алайда сотталған азаматша өзіне қоғамнан оқшауланбай түзелуге мүмкіндік берілгенін ескермей, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттарын себепсіз, қасқана бұзады. Пробация қызметінің инспекторларына хабарламастан тұрғылықты мекен- жайын тастап, бірнеше мәрте қала сыртына шығады. Пробация қызметіне тіркелуге келмей, тексеріс іс- шарасы кезінде кешкі уақытта тұрғылықты жерінде болмай шығады.
Сонымен қатар, қайта қылмыстық құқық бұзушылық, яғни алаяқтыққа жол берген.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
26 сәуір 2022
26 сәуір 2022