Департаменттің жеке құрамы теологтармен кездесті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-нің жеке құрамымен аппараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу максатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге "Нұр Ғасыр" мешітінің найб иманы Шадман Мұхаммедисмайл және Ақтөбе қалалық Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының психолог маманы Т.Тулепбергенов қатысты. Кездесу барысында экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттері, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупі туралы сөз қозғалды. ✅Мамандар қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жарияланған күні

28 қыркүйек 2023

Жаңарту күні

28 қыркүйек 2023

Қызмет бағыты