Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Республикалық мемлекеттік мекемесі санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің басшысы, (ата-анасының бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде 26.08.2022 дейін ) C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

 Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және басшылық. Жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін  тәжірибеге енгізу және зерделеу. Бөлімде, сондай-ақ Департаменттің аумақтық бөлімшелерінде, нормативтік құқықтық және директивтік актілерді орындау бойынша атқарушылық тәртіп жағдайына талдау және бақылау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне және  «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ  РМҚК  мәліметтерді ұсына отырып статистикалық  есеп берулерді жүргізу және есеп, санитарлық-эпидемиологиялық мониторингке талдауды және бағалауды жүзеге асыру.  Қорытындыларымен және ұсыныстарымен аналитикалық материалдар, анықтамалар, ақпараттар, статистикалық көрсеткіштер дайындау.  Басым  бағыттарды анықтау бойынша ұсыныстарды әзірлей отыра, қызметтің негізгі бекітілген көрсеткіштері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне талдау және бағалау  жасау. Аумақтық бөлімшелерді салыстыру көрсеткіштермен және қызмет талдауымен ақпараттық қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.07.2020 – 09.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы , Қарасай батыр көшесі 2а,

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 94-29-06