Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), № 11-4

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Функционалды міндеттер

Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына, республикалық және өңірлік семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Құзыреті шегінде заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Комитеттің аумақтық бөлімшелері жұмысының жай-күйін жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыруға қатысу. Құзыреті шегінде Министрлік, Комитет алқаларының талдамалық материалдары, анықтамалары, баяндамалары, шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.10.2021 – 25.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Нүр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 13 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-10-13