Жеке қауіпсіздік департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 30.05.2022 ж. қоса алғанда оқу демалысы мерзіміне), С-4 санаты, (1 бірлік), 06-02-02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын, басқа да құжаттарды әзірлеуге, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады; Ақпараттық ресурстарды қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады; Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, ақпараттық сүйемелдеу және жұмыс істеу, бағдарламалық қамтамасыз ету  кезінде  ақапараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздік саласында шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.

Жарияланған күні: 02.03.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 74-28-18