ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаметі Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Көлік объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Құзыреті шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Бақылаудағы көлік объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Бекітілген статистикалық есептілікті және жедел ақпаратты уақтылы жасауды, уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету. Көлік қызметкерлері мен жолаушылардың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптама топтарына қатысу.

Әкімшілік қамтамасыз ету, құқықтық жұмыс, цифрландыру, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс жүргізу. Заңнамада белгіленген тәртіппен органдарда, соттарда және ұйымдарда басқарма мүдделерін өкілеттік шегінде білдіру. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Электрондық база бойынша құжаттармен жұмыс. Құжаттарды бақылауға қою. Бақылаудағы құжаттарды уақтылы орындау. Мемлекеттік тілдегі құжаттарды дайындау және сапасын бақылау. Құжаттарды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің сот жұмысын, әкімшілік іс жүргізуді талдау және қорыту. Ақпараттық ресурстарды қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етулерді енгізу, сүйемелдеу және олардың жұмыс істеуі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық жұмыс жоспарын құру және талдау. Басқарманың медиа-жоспарын орындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, құжаттар бойынша ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Статистикалық есептілікті ұйымдастыру және санитариялық – эпидемиологиялық мониторингтерді, іс жүргізуді, азаматтардың арыздарымен және өтініштерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүргізу. Басқарма материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, департаменттің интернет-ресурсында жариялау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.05.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.05.2021 – 26.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

online

Анықтама алу үшін байланыс

94-29-04