ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Б блогы
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Сотта Департаменттің қарамағындағы, Департаменттің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ қызметтің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқа да ұйымдардың мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіруге. Қазақстан Республикасының қолданыстағы және жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін ұйымдастыруға, Департаменттің қарамағындағы, Департаменттің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіруге. Департаменттің қарамағындағы Департамент және Комитеттің аумақтық бөлімшелері әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да заңдық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен. Департамент басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындауға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге, Департаменттің қарамағындағы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша құқықтық мәселелерді түсіндіруге, қолданыстағы заңнама және оны қолдану практикасы бойынша ақпараттық материалдарды жіберуге, құзыреті шегінде құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, Департаменттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департамент атынан түсіндірмелер дайындауға. Департаменттің қарамағындағы Департаменттің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдауға. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, барлық сот сатыларында Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхаттармен жүгінуге. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауға. Департаменттің бұйрықтарының, шешімдерінің, қорытындыларының, қаулыларының, хаттамаларының және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарының жобаларының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, оларға құзыреті шегінде бұрыштама қою. Жоғары тұрған сатылардан келіп түсетін құқықтық жұмыс туралы ақпараттар мен өзге де материалдарды талдау, дайындау, мәселелерді қарауға және жедел кеңестерге, алқаларға қатысуға енгізу, анықталған кемшіліктерді жою және құқықтық жұмысты жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау. «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде (ӘЖБТ) әкімшілік істерге талдау және мониторинг жүргізу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға. Құзыреті шегінде реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру. Жылдық жұмыс жоспарларын жасауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша іс-шаралар жүргізуге. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар дайындау. Бөлімнің жұмысына қатысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, департаменттің интернет –ресурсында жариялауға. Іс қағаздарын жүргізуге, статистикалық есептілікті, ақпаратты директивалық құжаттарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге. Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібін, Әдеп кодексін сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер қабылдауға. Өзіне жүктелген функцияларды адал орындауға міндетті. Берілген құқықтар мен лауазымдық міндеттер шегінде өкілеттіктерді жүзеге асыруға. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға міндетті. Жұмыс орындарында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға міндетті. Белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жағдайы туралы мәліметтерді Департамент немесе құқық қорғау органдары басшылығының назарына дереу жеткізуге. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау мәніне темір жол, су, әуе көлігінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге қатысуға. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бірыңғай талаптарды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, Департаменттің ішкі актілері ақпаратты және дербес деректерді сақтауға, нақты және әлеуетті қатерлерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған талаптарды сақтау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
l.moldataeva@dsm.gov.kz
- 17.09.2024
- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а
-
8(7172) 94-29-06