Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы (негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2025 жылдың 12 шілдесіне дейін, негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 26 жылдың 13 қарашаға дейін, негізгі маманның бала күтіміне алған демалыс уақытына 2026 жылдың 19 қантарға дейін), 3 бірлік

Мемлекеттік орган

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

260564

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Санитария, гигиена, эпидемиология

Қосымша талаптар

медициналық-профилактикалық іс, санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалды міндеттер

Жіті ішек инфекциялары, вирустық және вакцинамен басқарылатын инфекциялар, паразитарлық аурулар, карантиндік, аса қауіпті инфекциялық аурулар мен туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Аудандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау, талдау материалдарын құру, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Медициналық ұйымдар ұсынатын инфекциялық, паразитарлық аурулар, АІИ, карантиндік, аса қауіпті инфекциялық аурулар және туберкулез бойынша есептердің уақытылығы мен есепке алынуының дұрыстығын бақылау. Аса қауіпті инфекциялық аурулар мәселелері бойынша ветеринариялық қызметпен өзара іс-қимыл жасасу. Басқарманың жылдық ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын дайындау және орындау және мемлекеттік тапсырыс бойынша зертханалық зерттеу және оның функцияларынан туындайтын басқа да іс-шаралар, ұсынылатын статистикалық және ведомстволық есептіліктің уақтылығы, сапасы және дұрыстығы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша, әкімшілік материалдар бойынша ақпаратты деректер базасына енгізу.   Рұқсат беру құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Бақылаудағы объектілерді жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау. Құзыретінің шегінде практикалық көмек көрсету. Департаменттің аумақтық басқармалары  жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге  қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін қарау.  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін дайындау. Құзыретінің шегінде департаменттің және басқармаларының мамандарына әдістемелік  және практикалық көмек көрсету. Департаментке ұсыну үшін талдау материалдарын, анықтамаларды дайындау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.04.2024 – 26.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

30.04.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Достық көшесі, 13/3

Анықтама алу үшін байланыс

79-57-11