Нұра ауданы санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы, 2 бірлік.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
100000 - 200000
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: денсаулық сақтау (медициналық-профилактикалық іс және/немесе санитарлық фельдшер).
Функционалды міндеттер
Жіті ішек инфекциялары, вирустық және вакцинамен басқарылатын инфекциялар, паразитарлық аурулар, карантиндік, аса қауіпті инфекциялық аурулар мен туберкулез бойынша тергеуді жүзеге асыру. Инфекциялық, парзитарлық аурулар, АІИ, карантиндік, аса қауіпті аурулар және туберкулез жағдайларын есепке алу, эпидемиологиялық карта жүргізу. Аса қауіпті инфекциялық аурулар мәселелері бойынша ветеринариялық қызметпен өзара іс-қимыл жасасу. Басқарманың жылдық ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын дайындау және орындау және мемлекеттік тапсырыс бойынша зертханалық зерттеу және оның функцияларынан туындайтын басқа да іс-шаралар, ұсынылатын статистикалық және ведомстволық есептіліктің уақтылығы, сапасы және дұрыстығы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша, әкімшілік материалдар бойынша ақпаратты деректер базасына енгізу. Рұқсат беру құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Бақылаудағы объектілерді жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындау және орындау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін қарау. Құзыретінің шегінде практикалық көмек көрсету. Департаменттің аумақтық басқармалары жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге қатысу. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау. Құзыретінің шегінде департаменттің және басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Талдау материалдарын дайындау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамсыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Достық көшесі, 13/3
-
57-60-52