Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік), 10-02-02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

Мүмкіндігінше педиатрия бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының, денсаулық сақтауды ұйымдастыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Функционалды міндеттер

Жаңа туған нәрестелерге, балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, балалар денсаулығын сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру. Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды, жоспарларды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобаларын әзірлеу және іске асыру мониторингі. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындау. Балалар денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Неонаталдық, педиатриялық қызметтердің, бейінді балалар қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру. Нәрестелер мен балалар өлімі жағдайларының санын мониторингілеу, негізгі себептерден болатын өлім құрылымына талдау жүргізу, көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу. Жол карталарын әзірлеу және өзектендіру және белгіленген мерзімдерге сәйкес сапалы орындау. Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу. Педиатриялық және балалар бейіндік қызметтерінің, оның ішінде балалар онкогематологиялық қызметінің, оториноларингологиялық, кардиохирургиялық, неврологиялық және басқа да қызметтердің жұмысын үйлестіру. Нәрестелер мен балалар өлімін төмендету бойынша кезек күттірмейтін шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың жұмысын ұйымдастыру. Республикалық орталықтармен бірлесіп ҚР нәрестелер мен балалар өлімін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мониторингі. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде балаларға кохлеарлық имплантация бойынша бюджеттік бағдарламаны жүргізу тиімділігінің мониторингі. Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеудің енгізілген технологияларының, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивтік моделінің жұмысын үйлестіру. Халықаралық ұсыныстарға сәйкес ҚР медициналық ұйымдарында емшек сүтімен қоректендіруді қолдау бойынша жұмысты жетілдіруді үйлестіру. Ерте жастағы балалардың скринингтерін жүргізу мониторингі (жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балалардың неонаталдық, офтальмологиялық, психикалық-физикалық, аудиологиялық скринингтері). Мемлекеттік органдармен бірлесіп бала асырап алу саясатын жетілдіру, бала туғаннан кейін жетім профилактикасы бойынша жұмыс. Балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу. Босандыру медициналық ұйымдарына (перинаталдық орталықтардың, перзентханалар мен бөлімшелердің), балалар стационарлары мен емханаларына, көпбейінді ауруханалар мен емханалардағы балалар бөлімшелеріне, Балалар үйлеріне құзыреті бойынша жетекшілік ету. Орфандық аурулары бар балаларды диагностикалау мен емдеуді жетілдіруге медициналық көмек көрсетуді үйлестіру. Статистикалық деректерді қалыптастыруға, меморандумдарға нысаналы индикаторлардың мәндерін енгізуге, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, нәрестелер мен балалар өлімінің нысаналы индикаторлары бойынша стратегиялық картаға қатысу; Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне талдамалық материалдар дайындауға қатысу. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру және жүзеге асыру. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды, конгрестерді, симпозиумдарды, семинарларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл. Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен құжаттарды уақтылы, сапалы қарау және орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.11.2023 – 29.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (барынша рұқсат етілген файлдар өлшемінің шектеулері 10 мб дейін) (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18