Персоналды басқару қызметінің сарапшысы, Б блогы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
225881
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Денсаулық сақтау
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
Функционалды міндеттер
Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру. Кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілікті талдау және жоспарлау. Кадрлық құрамды қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Кадрлармен қамтамасыз етілуге мониторинг жүргізу және кадрлық іс жүргізу, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Кадрларды кәсіби бейімдеу және олардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау бойынша қызметті, оның ішінде тәлімгерлік, қайта даярлау, біліктілікті арттыру, тағылымдамадан өту жолымен үйлестіру және ұйымдастыру. Конкурстық, аттестациялық, тәртіптік комиссиялардың, еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауын үйлестіру, мониторингілеу және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, оларды аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде Министрлік, Комитет алқаларының талдамалық материалдары, анықтамалары, баяндамалары, шешімдерінің жобаларын дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс (онлайн)
-
8(7172) 74-18-04