Бюджетті орындау департаменті Бюджеттің орындалуы жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 20-02-03

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасасқан шарттардың, орындалған жұмыс, қызмет актілерінің орындалуын бақылау және мониторингілеу. Министрліктің және оның ведомстволарының бюджеттік бағдарламаларының міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын әзірлеу және бекітуге ұсыну, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жүргізу. Қаржыландыру жоспарына сәйкес Министрлік бюджетінің орындалу мониторингін жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламаларға бөлінген қаражатты игеру бойынша талдамалық ақпарат дайындау. Қаржы департаментінің операциялық жоспарын қалыптастыру және ұсыну. Әр алдағы қаржы  жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын әзірлеу, бекіту. Министрліктің бюджетін орындау есептерін интернет-ресурстарға орналастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшысының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар әзірлеу, басқару құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштер мен шағымдарын қарастыруды қамтамасыз ету.   

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2023 – 17.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18