Стратегия және даму департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік), С-4 санаты, 13-01-03 (негізгі қызметкердің 16.03.2024 ж. қоса алғанда баланың күтіміне байланысты демалыс уақытына)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқармаға келіп түсетін құжаттарды орындау, олардың сапалы және уақытылы орындалуына талдау жүргізу, еңбек тәртібін сақтау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу: Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларына, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына ұсыныстар, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі арасындағы Меморандумның есебін әзірлеу және қалыптастыру. Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеу, Министрліктің стратегиялық жоспарының және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының есептерін қалыптастыру және талдау. «Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізуге қатысу және талдау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау органдарына, ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің семинарларын, алқаларын, конференцияларын және талдамалық материалдарын дайындауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2023 – 17.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18